Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"50 пайызға дайын": Астанадағы LRT құрылысының қазіргі жай-күйі белгілі болды

23.07.2025
1 мин
0
311
Сурет: instagram.com/cts_kz/

Астанада салынып жатқан жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесіне арналған депо құрылысы жартылай аяқталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz "Қалалық көлік жүйесі" компаниясына сілтеме жасап.

Компания таратқан ақпаратқа сәйкес, елордада LRT депосының кешенді орталығының ғимараттары мен нысандарының құрылысы белсенді түрде жалғасып жатыр.

- Депо — жылжымалы құрамды қауіпсіз әрі тиімді пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді және тұрақты сақтауды қамтамасыз ететін көлік инфрақұрылымының негізгі бөлігі. Қазіргі таңда нысанның 50 пайызы дайын, – делінген ресми хабарламада.

Кешен құрамына басқару орталығы, пайдалану және жөндеу депосы, сондай-ақ локомотив депосы секілді маңызды нысандар кіреді.

Орталықтың іске қосылуы LRT құрамдарын басқару, жөндеу және техникалық қызмет көрсету процестерін бір жерден үйлестіруге мүмкіндік береді.

Компанияның хабарлауынша, қазіргі уақытта пайдалану және локомотив депосында негізгі темірбетон және металл конструкциялары бойынша жұмыстар толық аяқталған. Қазіргі кезде ішкі әрлеу және монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Кешенді орталық іске қосылған кезде, бүкіл желінің және барлық 18 станцияның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге, сонымен қатар пойыздардың қозғалысы мен инфрақұрылымның жағдайын тәулік бойы бақылауға мүмкіндік туады.

Компания өкілдері құрылыс жұмыстары бекітілген кесте бойынша жоспарлы түрде жүріп жатқанын атап өтті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл