Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"57 жүлдегер": Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада үздік атанды

17.03.2023
1 мин
0
400

Алматы қаласында математикадан Азия-Тынық мұхиты және «Жібек жолы» халықаралық олимпиадалары аяқталды, деп хабарлайды Dauletten.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының хабарлауынша, екі бірдей халықаралық білім сайысына Қазақстанның барлық өңірінен 157 оқушы қатысып, 57 жүлдегер анықталды.

«Бұл халықаралық олимпиадалар қашықтықтан ұйымдастырылды. Қатысушы елдердің ұйымдастыру комитеттері тапсырмалардың шарттарын және бағалау критерийлерін халықаралық ұйымдастыру комитетінен алып, өз елдерінде олимпиадаларды бір уақытта дербес өткізді. Бұл формат көптеген оқушылардың халықаралық жарыстарға қатысып, өз білімдерін сынауға мүмкіндік беріп отыр», - дейді «Дарын» РҒПО директорының орынбасары Нұрлан Жұмагелді.

Айта кетейік, Азия-Тынық мұхиты халықаралық олимпиадасына Аргентина, Австралия, Канада, Гонконг, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея, Малайзия, АҚШ, Түркия, Мексика секілді 38 ел қатысаса, «Жібек жолы» олимпиадасында Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан елдердің дарынды оқушылары сынға түсті.

Фото: sputnik.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
288
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл