Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
600-ден астам стоматологиялық клиника тексеріліп жатыр
Жаңалықтар

600-ден астам стоматологиялық клиника тексеріліп жатыр

08.12.2025
мин
0
90
Сурет: storage.googleapis.com

Соңғы уақытта, әсіресе жекеменшік стоматологиялық клиникаларда балаларға жалпы наркозбен бірнеше тісті бір мезетте емдеуге қатысты арыздар жиілеп жатыр. Бұл туралы ДСМ басшысы Ақмарал Әлназарова айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова балаларды жалпы анестезиямен емдеу тек нақты медициналық көрсетілімдер болғанда ғана жүргізілуі тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай араласу – аса күрделі медициналық процедура, сондықтан кез келген клиника анестезиология және реанимация талаптарын толығымен орындауы қажет.

- Балаларды жалпы наркозбен емдеу – кез келген уақытта қолданылатын “ыңғайлы әдіс” емес. Клиника мемлекеттік болсын, жекеменшік болсын, бұл үшін арнайы жабдық, білікті анестезиолог және қауіпсіздіктің барлық стандарты болуы міндетті, – деп түсіндірді министр.

Оның сөзінше, Бас прокуратура тапсырмасына сәйкес ел аумағындағы стоматологиялық ұйымдарда жоспардан тыс тексерулер жүргізілуде. Барлығы – 622 нысан.

Қазіргі көрсеткіштер бойынша:

  • 290 тексеру тіркелген,

  • 135-і аяқталған,

  • 103-і әлі жүргізіліп жатыр,

  • 52 клиника жұмыс істемегендіктен тізімнен шығарылған,

  • 26 нысан тексеруге тіркелу кезеңінде.

Өңірлер прокуратурасы жолдаған 316 клиниканың ішінде:

  • 34-і МӘМС/ТМККК аясында қызмет көрсетеді,

  • 282-сі тек ақылы форматта жұмыс істейді.

Министр ұзаққа созылған наркоз бен бір сеанста көп көлемді ем жүргізу баланың жүрек-қантамыр, тыныс алу және жүйке жүйесіне қосымша қауіп төндіретінін еске салды. Оның айтуынша, кейбір жекеменшік орталықтар ата-аналарға «барлық тісті бір ретте емдеу» сияқты коммерциялық жағынан тиімді ұсыныстар жасайды, бірақ мұндай тәсіл тек дәлелденген медициналық қажеттілік болғанда ғана қолданылуы тиіс.

Әлназарова ата-аналарды ерекше мұқият болуға шақырды.

- Процедураға келісім бермес бұрын тәуекелдер, көрсеткіштер және жүргізілу тәртібі туралы толық ақпаратпен танысу маңызды. Баланың қауіпсіздігі әрқашан бірінші орында тұруы керек. Денсаулық сақтау министрлігі осы ұстанымды қатаң түрде сақтайды, – деді ол.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл