Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
75 жастағы қазақстандықтан аса ірі көлемде марихуана мен гашиш тәркіленді
Жаңалықтар

75 жастағы қазақстандықтан аса ірі көлемде марихуана мен гашиш тәркіленді

03.10.2025
мин
0
148

Қарағанды облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ірі есірткі тасымалдау арнасын әшкерелеп, 75 жастағы қала тұрғынын ұстады. Жедел іс-шаралар кең ауқымды "Қарасора" іс-шарасы аясында жүргізілді, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

Алдын ала алынған мәлімет бойынша күдіктінің тыйым салынған заттарды алып өтуі мүмкін екені анықталған. Теміржол вокзалында жүргізілген тінту кезінде оның қол жүгінен өсімдік тектес есірткі заттары – шамамен 20 келі марихуана мен гашиш тәркіленді.

Одан бөлек, вокзал маңында тұрған күдіктінің автокөлігін тексеру барысында багаждан орауыш таспамен қапталған екі ірі брикет табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, олардың ішінде де марихуана болған. Жалпы тәркіленген есірткі заттарының салмағы шамамен 20 келіні құрады.

Аталған дерек бойынша аса ірі көлемдегі есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты Қылмыстық кодекстің тиісті бабымен іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Сондай-ақ полиция өзге тұлғалардың қылмыстық әрекетке қатысы бар-жоғын тексеруде.

Құқық қорғау органдары есірткі заттарының Қарағанды аумағында таратылуы немесе басқа өңірлерге жеткізілуін анықтап жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл