Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
8 наурызға арналған құттықтаулар мен тілектер
Жаңалықтар

8 наурызға арналған құттықтаулар мен тілектер

06.03.2023
2 мин
11
169777

Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты.

8 наурыз - жылдың ең аяулы, жарқын және тамаша күні! Құрметті арулар,  шаңырақтарыңыз бен өмірлеріңіз жылулыққа толы болсын. Табиғаттың әсемдігі сарқылмайтын шабыт сыйласын. Көктемнің өмірлеріңіздегі өте қалаулы және әдемі оқиғаның бастамасын білдірсін! Мейрамдарыңызбен!

                                  .............................................

Көгілдір көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтаймын. Осынау жарқын мереке күні мәңгілік жастық алауын, адал махаббат жылуын, шынайы сүйіспеншілік шуағын тілеймін. Жанарың әрдайым нұр шашып, жүзің күндей күлімдеп, жүрегің көктемдей жайнасын.

                                  .............................................

Бүгінгі мейрам ізгіліктің, мейірімділіктің, әдеміліктің нышаны.
Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс - құт дарысын. Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, көтеріңкі көңіл - күй тілейміз!

                                  .............................................

Қыздар, қызғалдақтар, мерекелеріңіз құтты болсын! Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып қала беріңіздер! Жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп жүрсін! Көңілдеріңіз көктемдей көрікті болсын! Зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілеймін!
Жанарына сыр тұнған,
Жүрегінде жыр тұрған.
Құтты болсын мерекең,
Қызғалдақтар құлпырған!
Әрқайсыңыздың жан - жүректеріңізден ертеңгі күнге деген сенім мәңгілік айнымасын! Дидарларыңыздан арай тарап, ажарларыңыздан шешек атсын, қызда

                                  .............................................

 Сіздерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әйел-Ана - өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Еліміздің сән-салтанаты мен Елордамыздың мерейінің үстем болуында да қашанда нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр. Олай болса, көктемнің осынау шуақты мерекесі көңілдеріңізді нұрға, жүректеріңізді жырға бөлесін.
 

                                  .............................................

Қымбатты арулар!
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне байланысты шынайы құттықтауым мен тілегімді қабыл алыңыздар.
Әйел әрқашан халықтың ар - ожданы, ізгіліктің, нәзіктіктің және және дархан көңілдің көрінісі болып келді және болып қалмақ, бүгінгі мереке оларға деген шынайы құрмет белгісі.
Әйел өзінің табиғатынан - ақ кішіпейілділіктің, жоғары адамгершіліктің және мейірімділіктің айнасы. Сондықтан, ол бүкіл қоғамның арқауы ретінде келісім мен тұрақтылықтың нығаюына ықпал етеді.
Шығыста: «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», дейді. Тәуелсіз еліміздің ұл - қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек болып, қоғам ісіне білек сыбана кірісіп, қиын қыстау кезде демеу болып жүргендеріңіз үшін әйел қауымына алғыс айтамын.

Көктемде арулар қоса құлпырады. Бізге оны көрсін деп көз, сүйсін деп жүрек беріпті. Құдай шебер осынша көл - көсір сұлулықты көз алдымызға үйіп - төккен. Осының бәрі Алла нұрының Жер бетіне түскен тек жүзден бір ғана Нығметі дейді. Бір - ақ пайыз! Соның өзі - ақ Жер бетіндегі тіршілік отын жағуға жетіп жатыр. Сол бір пайыз нұр арқасында Жер бетінде өмір шеруі тоқтаусыз, толассыз салдыртып келеді. Сол шеру сәнді - салтанатты болсын деп, Алла тағала Хауа анамызды жаратқанда оның дидарына нәзік нұр сүйкепті. Содан Хауа ана сұлулығына Адам атамыздан бастап адам назары сұқтанумен келеді.

Фото: aqtobegazeti.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
11 Пікір
Ж
Жаннат 08.03.2024
Керемет, сауатты да сапалы
Жауап беру
А
Айгүл 07.03.2024
Керемет!
Жауап беру
Н
Назира 07.03.2024
Кушти
Жауап беру
Н
Нұрберген 06.03.2024
Жаман өте жаман
Жауап беру
Н
Назира 06.03.2024
Жаман фууууу ????????????????????????????????
Жауап беру
П
Пеее 01.03.2024
Сенаннрррргұ
Жауап беру
D
DR. LOUIS 25.07.2023
Бүйрегіңізді сатқыңыз келе ме? Сіз қаржылық дағдарысқа байланысты бүйрегіңізді ақшаға сату мүмкіндігін іздеп жүрсіз бе және не істеріңізді білмейсіз бе? Олай болса бүгін бізге хабарласыңыз, біз сізге бүйрегіңізге жақсы соманы ұсынамыз, өйткені біздің емханаға шұғыл түрде бүйрек қажет. Веб-сайт: https://stlouishospital.business.site Электрондық пошта: dr.louisclinic@gmail.com WhatsApp: +60183956897 Бағасы: $650,000$
Жауап беру
Г
Гүлмира 08.03.2023
Рахмет.
Жауап беру
Р
Рахмет. 08.03.2023
Жақсы құттықтау сөздері екен.
Жауап беру
а
анаргул 07.03.2023
рахмет сізге
Жауап беру
М
Мақсат 07.03.2023
Керемет
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл