Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жамбыл облысы Байзақ ауданының полиция бөліміне 5 жасар қыздың анасы шағымданып, белгісіз қарт кісінің кәмелетке толмаған қызының смартфонын алып кеткенін жеткізді, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Күдікті бағасы 132 мың теңге тұратын гаджетті бүлдіршіннен алдау арқалы алмаға айырбастап алған.
ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
80 жастағы ер адам ұсталды. Ол өзінің кінәсін толық мойындады. Ұялы телефон тәркіленді.
фото: polisia.kz