Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Абай облысында кеше қайтадан өрт шықты. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Dauletten.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті сөндіруге көмек көрсетуде.
«Өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 300-ден астам адам, 70 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Сонымен қатар, 4 тікұшақ жұмылдырылды. Өрт орнында аэровизуалды тексеру жүргізілуде. Өрт ошақтарына әуеден су төгу жүзеге асырылуда.
ТЖ министрі Юрий Ильиннің өкіміне сәйкес күштер мен құралдарды үйлестіру үшін оқиға орынына ТЖ вице-министр М. Күлдіков жіберілді
Жергілікті атқарушы органдар Бородулиха ауылындағы Островский атындағы орта мектеп базасында эвакуациялау пункттерін құрды», - делінген хабарламада.
фото: тікұшақтан түсірілген бейнежазбадан скриншот