Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Абай облысында криминалдық полиция қызметкерлері жылқы ұрлығымен айналысқан төрт адамнан тұратын қылмыстық топты қолға түсірді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Құзырлы органдардың хабарлауынша, күдіктілер 50-ден астам жылқыны ұрлап, оларды сойып сату үшін бірнеше ай бойы әрекет еткен.
Ұрланған жылқыларды малшылар ауылынан алыстау жерлерге апарып, етін базарларға жеткізген. Бір күдікті шаруа қожалығын басқарғаны анықталды. Ал тірі жылқыларды КамАЗ көлігімен оңтүстік аймаққа тасымалдап, етке сойылғандарын облыс орталығындағы базарларға сатуға бағыттаған.
– Жалпы соңғы бес жылда мал ұрлығы 64%-ға азайды. Жыл басынан бері 419 мал ұрысы ұсталды. 65 қылмыстық топ жойылды. 3,5 мыңға жуық мал иелеріне қайтарылды. Айта кету керек, мал ұрлығы үшін мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.