Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
АЭС-ті кім салатыны маусым айында белгілі болады
Жаңалықтар

АЭС-ті кім салатыны маусым айында белгілі болады

24.01.2025
1 мин
0
470

Энергетика министрлігі Қазақстандағы атом электр станциясын (АЭС) салуға қатысты мәліметтерді жария етті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мемлекет басшысының Қазақстанда атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін зерттеу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында, реакторлық технологияларды таңдау бойынша зерттеулер жаңартылып, АЭС қуаты мен құрылыс орны анықталды.

Зерттеу нәтижесінде АЭС салуға ең қолайлы орын ретінде Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылының аумағы таңдалды.

Елдегі алғашқы АЭС үшін осындай нысандарды салу және пайдалану тәжірибесінде дәлелденген технологияны таңдау ұсынылды. Осыған байланысты ядролық технологиялардың әлеуетті жеткізушілерінен құралған “шорт-тізім” жасалды:

  • Қытайлық CNNC компаниясының HPR-1000 технологиясы;
  • Корей KHNP компаниясының APR-1400 реакторы;
  • Ресейлік “Росатом” компаниясының ВВЭР-1200 және ВВЭР-1000 реакторлары;
  • Француз EDF компаниясының EPR-1200 реакторы.

Зерттеу нәтижелері 2022 жылдың мамырында атом саласын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралып, мақұлданды.

"Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес, ядролық қондырғыларды салу туралы шешімді және құрылыс ауданын анықтауды, сол аймақтың жергілікті өкілді органдарының келісімімен, Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды. Жергілікті өкілді орган ретінде мәслихат бұл шешімге қатысады.

2022 жылдың қарашасында Алматы облысы мәслихаты аудан тұрғындарының қолдауымен АЭС құрылысына келісім беру туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты Алматы облысының әкімдігі жария талқылаулар ұйымдастырды. Қоғамдық тыңдаулар туралы хабарландырулар Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде, Жамбыл ауданы әкімдігінің ресми парақшасында, сондай-ақ 2023 жылдың 21 шілдесінде Атамекен газетінің №28 нөмірінде жарияланды.

Министрлік атап өткендей, Экологиялық кодекске сәйкес, жобалық құжаттама дайындалып болған соң, экологиялық бағалау кезеңдерінде қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл