Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Аида Балаева Премьер-министрдің орынбасары болды
Жаңалықтар

Аида Балаева Премьер-министрдің орынбасары болды

01.12.2025
мин
0
198
Сурет: gov.kz

Аида Балаева Премьер-министрдің орынбасары болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz. Ақордаға сілтеме жасап.

- Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.

Аида Балаева 1974 жылы 4 шілдеде дүниеге келген. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылы "құқықтану" мамандығы бойынша Қазақ ұлттық аграрлық университетінде оқыды.

Әр жылдары Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры, астанадағы ішкі саясат басқармасының басшысы, 2010 жылдың ақпан айынан 2014 жылдың желтоқсанына дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2014 жылдың желтоқсан айында президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. 2019 жылдың 22 шілдесіндегі президент жарлығымен Аида Балаева ҚР президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметіне кірісті. 2020 жылғы 4 мамыр – 2022 жылғы 11 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрі қызметінде болды. Одан кейін мәдениет және ақпарат министрі болды. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл