Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Air Astana 30 наурыздан бастап көктем-жаз кестесіне өтеді
Жаңалықтар

Air Astana 30 наурыздан бастап көктем-жаз кестесіне өтеді

28.03.2025
1 мин
0
304
Сурет: Air Astana

2025 жылғы 30 наурыздан бастап Air Astana әуекомпаниясы көктем-жаз кестесіне өтеді. Жолаушыларға жаңа бағыттар, танымал курорттық қалаларға маусымдық рейстер қосылған кеңейтілген бағыттар желісін ұсынады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Кеңейтілген ұшу бағдарламасы

- Антальяға Алматыдан аптасына 12, Астанадан 10 рейске дейін көбейтіліп, жолаушыларға Жерорта теңізінде демалуға жайлы мүмкіндік ұсынады. 

- Алматы – Тбилиси қатынасы жалғасады (аптасына 10 рейске дейін), оған қоса Астанадан Тбилисиге қатынас қайта жалғасады (аптасына 4 рейске дейін). Жаңа Атырау - Тбилиси рейсі 27 мамырда ашылып (аптасына 3 рет), екі арадағы жалпы қатынас аптасына 17 рейске дейін жетпек. 

- Алматыдан Ыстанбұлға қатынайтын рейс 7-ден 10-ға дейін артпақ.  

Жаңа халықаралық бағыттар

- Нячанг (Вьетнам) –24 наурызда Алматыдан (аптасына 4 рейс), 25 наурызда Астанадан (аптасына 3 рейс) іске қосылды. Нячанг ақ қайраң құмымен, жайлы климатымен, дамыған туристік инфрақұрылымымен танымал. 

- Гуанчжоу (Қытай) – 30 наурызда Алматыдан қатынас басталады, аптасына 3 рет ұшады. Гуанчжоу – Қытайдың ең ірі іскерлік және сауда орталықтарының бірі. 

- Мумбай (Үндістан) – 20 сәуірде Алматыдан қатынас басталып, аптасына 3 рет ұшады. Бұл қала Үндістанның маңызды экономикалық, мәдени орталығы саналады. 

- Франкфурт– жаз басталысымен Алматыдан аптасына үш рет қатынас басталады. Франкфурт – Еуропаның ең ірі қаржы орталығы әрі ыңғайлы транзит хабы. 

- Дананг (Вьетнам) – 14 мамырдан бастап Астанадан (аптасына 2 рет), 4 маусымнан бастап Алматыдан (аптасына 2 рет) қатынас басталады. Дананг жағажайларымен, тарихи жерлерімен, гастрономиясымен танымал. 

- Ош (Қырғызстан) –  28 мамырдан бастап Алматыдан  (аптасына 4 рейс).

Маусымдық бағыттар

- Маусымнан қыркүйекке дейін Подгорицаға (Черногория) рейстер қосылады. Бұл бағыт туристерге Адрия теңізінің көркем жағажайы, Балкандағы ерекше табиғатпен танымал. 

- Биылғы маусым айынан бастап Алматыдан Батуми мен Бодрумға рейс қайта қосылады (әр бағыт бойынша аптасына 5 рейске дейін).

Барлық бағытқа билетті әуекомпанияның ресми сайтынан және серіктес агенттіктерден таба аласыз. 

Қазақстандықтар Грузия, Түркия, Подгорица, Қытай мен Вьетнамға визасыз кіре алады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл