Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Air Astana әуежайда жалғыз қалып қойған қыздың отбасына 5 млн теңге төлейді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
12 жасар Зере есімді қыздың "Астана-Орал" рейсінен түсіріліп, әуежайда жалғыз қалу оқиғасы бойынша Air Astana компаниясының апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады.
Алматы қалалық Түрксіб аудандық соты тасымалдаушының моральдық өтемақыны 5 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге төмендету туралы өтінішін қабылдамай, алғашқы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.
Бұл туралы баланың қорғаушысы Данильхан Шағатаев мәлімдеді.
Айта кетейік, 12 жасар Зеренің орнын басқа жолаушыға беру себепті оны ұшаққа кіргізбей қойған. Бейтаныс қалада, тіркеу аймағында бірнеше сағат бойы жылап отырған қызды анасы Оралдан туыстар мен таныстары арқылы іздеп, көмек сұраған.