| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жетісу облысында үш жасар қыз медициналық көмекке жеткізілді. Дәрігерлер баланың денесінде зорлық белгілерін анықтап, әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
2 ақпан күні сағат 21:00-де облыстық ауруханаға үш жасар қыз жеткізілді. Медициналық тексеру барысында баланың денесінде физикалық жарақаттар мен зорлық белгілері анықталды.
Құқық қорғау органдары баланың әкесін алкогольдік мас күйде ұстады және уақытша қамау изоляторына жеткізді. Оған «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта баланың анасы қызымен бірге ауруханада, балаға барлық қажетті ем-шаралар көрсетілуде. Жетісу облысы бала құқықтары жөніндегі уәкілі Ермек Молдақұлұлы баланың жағдайы тұрақты екенін және дәрігерлердің бақылауында екенін хабарлады.