Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
"1001 түн" бағдарламасында "Dauletten" қайырымдылық қорының директоры Жасұлан Бостандықұлы қайырымдылық қорлары, олардың қызметі және "қайырымдылықпен айналысып жүрген" алаяқтар туралы айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
"Dauletten" қайырымдылық қорының директоры Жасұлан Бостандықұлы “1001 түн” бағдарламасында қайырымдылыққа деп ақша жинайтын алаяқтар туралы, ресми қайырымдылық қорлардың жұмыс алгоритмі туралы айтып берді.
Ресми түрде қордың барлығы әділет министрлігі арқылы ресми тіркеуден өтеді. Оның ішінде жиналған қаражаттың 30%-ы әкімшілік шығындарға бағытталуға заң бойынша рұқсат етілген. ҚР-ның заңнамасы негізінде қордың балансында тұрған мүліктерге салық төлеуге, қызметкерлердің жалақыларын төлеуге міндеттеледі.
Жиналған қаражат қайда жұмсалғандығы туралы ресми БАҚ өкілдеріне немесе арнайы сайтта жариялау керек. Сонымен қатар кез келген қайырымдылық ұйым жылына бір рет ашық түрде есеп беруге міндеттеледі.
Осы орайда алаяқтардың құрбаны болмас үшін ақша аударар кезде құжаттарын міндетті түрде тексеру екенін тілге тиек етті.
Заңды түрде ашылған ұйымның заңдық есепшоты болады. Қайырымдылық жасаушы жандарға айтатынымыз, заңды түрде тіркелген заңдық есепшоты бар ұйымдарға қаражат аударғандары жөн болады, - деді Жасұлан Бостандықұлы.
Сондай-ақ "Dauletten" қайырымдылық қорының жұмыс істеу алгоритмі туралы да қордың директоры айтып берді.
Біз кез келген мұқтаж отбасыны анықтағаннан кейін оның қажетті құжаттарының барлығын сұратамыз. Оны қамқоршылық кеңес анықтайды. Сол отбасыға көмектесу шешімі қабылданғаннан кейін, ол кісілердің фото, видеоматериалдарын қолдануға қағаз жүзінде рұқсат сұраймыз. Одан бөлек арнайы жеке деректерді өңдеуге де рұқсат аламыз. Сонымен қатар міндетті түрде арнайы келісімшарт жасалады. Осы үш құжат дайындалғаннан кейін ғана, сбор ашып әрі қарай жұмыс жасаймыз. Сонымен қатар біз қай уақытта сбор аштық, қай уақытта сбор жаптық сол уақытта жиналған қаражатты сол отбасыға толыққанды жұмсауға ереже бекіткенбіз - деді Жасұлан Бостандықұлы.