Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматылық компания рұқсаты жоқ салынбаған үйден пәтер сатқан
Жаңалықтар

Алматылық компания рұқсаты жоқ салынбаған үйден пәтер сатқан

13.04.2022
1 мин
0
1520

Соңғы уақытта көпқабатты үйлер мен әлеуметтік объектілерде рұқсатсыз құрылыс жүргізу мәселелері жиілеп кетті. Өйткені, аталған кемшілік - мемлекеттің және жалпы ел тұрғындарының ортақ мәселесі. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Telegramканалында жазды.

Ведомство басшысының пайымдауынша, жыл басынан бері құрылыс нысандарында жалпы сомасы 169 млн теңгеден астам 615 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. 

«Біз жергілікті атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жұмыстарын тұрақты негізде өз бақылауымызда ұстаймыз. Мәселен, Алматы қаласында тұрғын үй кешендерінің бірінде құрылыс жұмыстары заңсыз жүргізілген. Рұқсат беретін құжаттарды учаскенің меншік иесі де, құрылыс салушы да ұсынбаған. Құрылыс салушы пәтерлерді сатып алу-сату шарттарын жасасуға құқығы болмағанына қарамастан, аталған тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер еркін саудаланған. Тіпті, құрылыс салушының үлескерлерден ақша тартуына рұқсат берілмеген», – деді министр.

Осылайша, биыл 28 наурызда Алматы қала құрылысын бақылау басқармасы кейбір ғимараттарда құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру және анықталған кемшіліктерді түзету туралы ұсыныс берді. 

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары тоқтатылып, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заң нормаларын бұзғаны үшін құрылыс салушыға қатысты хаттама толтырылған. 

Министр сонымен бірге қаңтар-наурыз айларында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты комитеті 32 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 26 нұсқама берілгенін, сондай-ақ, 18 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

Ендігі кезекте ҚР ИИДМ мемлекеттік бақылау және объектілерді пайдалануға қабылдау жүйесін толығымен қайта қарайды. 

Бұл ретте бақылау механизмін күшейту жоспарланып отыр. 

Оның ішінде, объектінің пайдалануға беру дайындығын растау үшін нысандарды қабылдау барысында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарыны міндетті түрде қатысатын болды. 

 

 

Несиені қандай қажеттілік үшін алдыңыз?
8406 адам
тұрмыстық техника және электроника үшін 0%
тұрғын үй алу үшін 0%
көлік алу үшін 0%
той жасау үшін 0%
несие жабу үшін 0%
жеке кәсіп үшін 0%
емделу үшін 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл