Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бір тәулік ішінде Атырау облысының Құлсары қаласында шамамен 70 мың текше метр су сорылды. Бұл туралы dauletten.kz ақпараттық-танымдық порталы ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Су тасқынына қарсы жұмыстарға ТЖМ құтқарушылары, қоса берілген күштер, сондай-ақ ұйымдардың қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылды.
Айта кетерлігі, бұған дейін су тасқыны кезінде 2920 жеке тұрғын үйді су басқан болатын. Қазір тек 20 үй мен 10 бизнес объектісі су астында.
ТЖМ әскери қызметшілері құрғатылған үйлер мен қоғамдық аумақтарды дезинфекциялау жұмыстарын жалғастыруда.