Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ҚР Көлік министрлігі мен "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ инвестиция мәселелерін нақтылау, іске асыру кезеңдерімен және әуе айлағын одан әрі дамытуға бағытталған негізгі іс-шаралар қарастырылған ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл құжат аясында бірінші кезекте әуе айлағы қызметкерлерінің еңбек жағдайын едәуір жақсартуға ерекше назар аударылады. Инвестор бірқатар корпоративтік бастамаларды жүзеге асырады:
• 2025 жылы әуежай қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 25%-ға өседі;
• әуежай аумағында әуежай қызметкерлері мен іргелес аудандардың тұрғындары үшін жаңа медициналық орталық ашылады;
• инвестор биыл әуежайда кемінде 600 қосымша жұмыс орнын құруды қамтамасыз етеді;
• әуежай аумағында ACI орталығымен (халықаралық әуежайлар кеңесі) аккредиттелген арнайы оқу орталығы іске қосылады;
• қызметкерлер үшін жеке асхана ашылады.
2025 жылдан 2029 жылға дейін TAV Holding әуежайды дамытуға қосымша 362 миллион доллар инвестиция құяды.
Осы қаражат есебінен ұшу-қону жолағы қайта жаңартылып, жүк тасымалдаумен айналысатын компаниялар үшін жаңа перрон салынады, ішкі рейстер терминалы жөнделеді, қолда бар жүк қоймалары жаңғыртылып, цифрландырылады, сондай-ақ әуежай қонақ үйі салынып, әуежайдың жұмысын жақсарту үшін басқа да іс-шаралар іске асырылады.
Әуежай инфрақұрылымының жаңа инвестициялық жоспарымен қоса, негізгі-жоспардың барлық қосымша мәліметтерін Алматы халықаралық әуежайының алдағы баспасөз конференциясында (2025 жылдың жазы) толығырақ мәлімдейді.