Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
21 мамырға қараған түні Алматыдағы Ахметов көшесі жол жұмыстарына байланысты жабылады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ахметов көшесі арқылы әуежайға кіру және шығу мүмкін болмайды. Аталған жол бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
- 2025 жылғы 20 мамыр сағат 22:00-ден бастап 21 мамыр сағат 06:00-ге дейін Ахметов көшесінде (№1А ғимаратынан Майлин көшесіне дейінгі бөлігінде) жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты аталған бөлікте көлік қозғалысы толығымен тоқтатылады, - делінген хабарламада.
Әуежайға Бұқтарма көшесі, Майлин көшесі арқылы және Майлин жағындағы негізгі кіреберіс арқылы баруға болады.
- Жолаушылардан уақытша шектеулерді ескеріп, жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген хабарламада.