Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы халықаралық әуежайы аумағындағы автотұрақтар кезең-кезеңімен жабылады, деп хабарлайды dauletten.kz.
Алматы халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің мәліметінше, жөндеу-құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты автотұрақтар кезең-кезеңімен жабылады.
«Жолаушыларға оңтүстік автотұрақты (кіру Ахметов көшесінен) пайдалануды ұсынамыз. Сондай-ақ әуежайға келуіңізді алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз. Жұмыстар 2024 жылдың қыркүйек айына дейін аяқталады», - деп хабарлады әужайдан.
Еске салайық, былтыр қыркүйек айында Алматы халықаралық әуежайында 140 орынға есептелген жаңа автотұрақ ашылған еді.
Биыл 1-ақпаннан әуежай аумағындағы және жабық тұрақ кешеніндегі автокөлік тұрағының тарифі өзгерді.