487.02
552.23
6.51
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматы – Достық пойыз билеттеріне 20% жеңілдік берілді
Жаңалықтар

Алматы – Достық пойыз билеттеріне 20% жеңілдік берілді

24.06.2026
мин
0
101
Сурет: ҚТЖ

Ұлттық тасымалдаушы жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

2026 жылғы 25-30 маусым аралығында «Жолаушылар тасымалы» АҚ Алматы – Достық бағыты бойынша қатынайтын №207/208 және №211/212 Тальго пойыздарының «Турист» санатындағы вагондарына жол жүру билеттерін 20% жеңілдікпен ұсынады.

Жеңілдік төменгі және жоғарғы орындардың барлығына қолданылады.

Аталған бағыт Жетісу өңірінің көрікті аймақтары арқылы өтеді және жаз мезгілінде Алакөл жағалауына демалуға баратын жолаушылар арасында сұранысқа ие бағыттардың бірі.

Жеңілдікпен билеттерді bilet.railways.kz ресми сайты арқылы, «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан, сондай-ақ, мобильді билет сату сервистері арқылы алуға болады.

Қосымша ақпаратты жолаушылар 1433 тегін байланыс нөмірі арқылы ала алады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл