| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Ұмтыл ауылдық округінде әйел иттерге таланды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алдын ала мәліметке сәйкес, 52 жастағы әйел бір үйдің ауласында иттерге таланған. Қажетті медициналық көмек көрсетілді.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, ал оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жергілікті әкімдік өкілдері жұмыс істеуде.
Күдікті ретінде 60 жастағы адам анықталды, ол – иттердің иесі. Белгілі болғандай, ол үй ауласында шамамен 20-25 ит ұстаған. Қарасай аудандық полиция басқармасына жеткізілген күдіктінің ісі қылмыстық негізде қарастырылып, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.