| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы облысы, Райымбек ауданының Сарыбастау ауылында бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
1955 және 1974 жылы туған екі ер адам, 1984 жылы туған әйел және бір жарым жастағы бала қайғылы жағдайда көз жұмды.
Бұл туралы Qonaev Media News арнасы мәлімдеді. Жарияланған ақпаратқа сәйкес, отбасы мал шаруашылығымен айналысып, ауылдан 5 шақырым жердегі қыстақта тұрып келген. Туыстары бірнеше күн бойы байланысқа шыға алмаған соң өздері хабар алуға барған. Алайда күтпеген жерден қаза тапқандардың денесін тапқан.
Дереу құзырлы органдарға хабар беріліп, мәйіттер сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу жүріп жатыр
Алдын ала болжам бойынша деректерге сүйенсек, қайғылы оқиға көміртегі тотығымен улану салдарынан болуы мүмкін. Бірақ бұл ақпарат ресми түрде әлі расталған жоқ.