Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов мәжіліс кулуарында Алматы облысындағы мектеп бітіру кешінде көз жұмған оқушы өліміне қатысты істің мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
- Кәмелетке толмаған күдікті сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Қасақана кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Тергеу шаралары белсенді жүргізіліп жатыр, Мектеп директоры қызметінен босатылды, оқу ісі бойынша меңгеруші мен екі сынып жетекшісі қатаң жазаға тартылды. Барлық мән-жай сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады, - деді Санжар Әділов.
Оның айтуынша, мектеп бітіру кешіне қатысты республика бойынша хабарламалар жіберілген.
- Соңғы қоңырау шарасы үш мыңнан астам мектепте болды, полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті. Өкінішке қарай, мектеп директорларына, сынып жетекшілеріне, білім бөлімдеріне сұрағымыз бар, қылмыстық заңнама аясында, - деді ол.