Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматы облысында екі күдіктіден 24 келіден астам мефедрон тәркіленді
Жаңалықтар

Алматы облысында екі күдіктіден 24 келіден астам мефедрон тәркіленді

11.02.2025
мин
0
71
Сурет: Polisia.kz

Алматы облысында екі күдіктіден 24 келіден астам мефедрон тәркіленді, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірханның сөзінше, Алматы облысында есірткі заттарының заңсыз айналымын ұйымдастыруға қатысы бар екі күдікті ұсталды.

- 36 жастағы азаматтың үйінің сарайын тінту барысында 24 келіден астам мефедрон салынған қаптар табылды. Бұл препараттың мөлшері 72 мың бір реттік дозаға тең. Сонымен қатар 41 жастағы ұсталған адамнан белгісіз тапанша табылып, тәркіленді. Күдікті адамдар ұсталды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деді Данияр Мейірхан.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті еліміздің барлық аумағында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және есірткі қылмысына қарсы күрес үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды жалғастыруда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл