| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ұйғыр ауданында ту мен суреттер өртеп дүрбелең туғызған қатысушылар жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
13 қарашада Алматы облысының Ұйғыр ауданында рұқсатсыз жиын өтті. Жиын барысында шет мемлекеттің туы мен басшысының суреті өртелді.
Сот шешімі бойынша 12 қатысушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, ал 6 адамға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Полиция ескертеді:
- Мемлекеттік рәміздерге қол сұғу, сондай-ақ өшпенділік тудыруға және қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға бағытталған кез келген әрекет – заңға қатаң қайшы келеді, - деді полиция.
Ресми мәлімет бойынша, қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
