Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы облысы Жамбыл ауданында болған жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, Ұзынағаш-Күрті тас жолында Мерседестің 20 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Соқтығыс салдарынан Мерседестің екі жолаушысы, 2002 және 2003 жылы туған жастар оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен 15 жастағы жолаушы түрлі дене жарақатымен Жамбыл аудандық ауруханасына жатқызылды. Әзірше олардың жағдайы туралы ақпарат жоқ.
Әлеуметтік желіде жол апатына ұшыраған көлік «Саяхатшы Диас» деген атпен танымал блогер әрі тиктокерге тиесілі деген ақпарат пайда болды.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 12 қараша күні Ұзынағаш-Күрті тасжолында Mercedes көлігінің 20 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota мәшинесімен бетпе-бет соқтығысқан.
"Аталған дерек аудандық полицияда ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша тіркеліп, жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын объективті тексеріліп жатыр. Бүкіл қажет тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады полиция.