Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы облысында жоғалған ер адамның мәйіті табылып, кісі өлтіру ісі қозғалды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
9 қараша күні Алматы облысының Қарасай ауданында 51 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Полиция мәліметі бойынша ол Алмалыбақ ауылының шетінде орналасқан жерден табылған. Әлеуметтік желілерде ер адамның 2 қарашада хабар-ошарсыз жоғалып кеткені туралы хабар жарияланған еді.
Қазір полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
– Кісі өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жедел іздестіру іс-шараларының барысында 9 қарашада криминалдық полиция қызметкерлері төрт күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық жағдайы мен себептерін объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.