Алматы облысының жастары үшін "Алатау жастары" ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады
01.10.2024
1 мин
0
120
Сурет: pinterest.com
Алматы облысының жастары үшін "Алатау жастары" ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады, өтініштер қазанның 1-15 аралығында қабылданады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бағдарлама шарттары:
несие сомасы 18 миллион теңгеден аспайды;
бастапқы жарна – 10%;
қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі – 6%;
несиелендіру мерзімі – 19 жыл.
Бағдарламаға кімдер қатыса алады?
өтініш беру кезінде 35 жастан аспаған;
ҚР азаматтығы бар;
бағдарламаға қатысушының және отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылда ҚР аумағында жылжымайтын мүлік болмауы керек;
ҚР аумағында сатып алу құқығы мен жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы;
Алматы облысында таңдалған қызмет саласында ресми жұмыс өтілі – 1 жылдан кем емес болуы (зейнетақы жарналарымен расталған);
бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.