| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы облысында болған ірі жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты. Қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті жүргізуші қамауға алынды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
23 маусым күні Алматы – Шелек – Қорғас автожолының 132-шақырымында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы тіркелді.
Алматы облысы полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, Haval маркалы көліктің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Audi 100 автокөлігімен соқтығысқан.
Күшті соққы салдарынан Audi көлігін басқарған азамат пен оның екі жолаушысы ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған.
Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп, апаттың нақты себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Полицияның хабарлауынша, Haval көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.