470.46
543.1
5.86
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматы жастары үшін спорт және шығармашылықты қамтитын ауқымды жобалар басталады
Жаңалықтар

Алматы жастары үшін спорт және шығармашылықты қамтитын ауқымды жобалар басталады

03.04.2026
мин
0
100
Сурет: kazlenta.kz

Алматыда жастардың шығармашылық қабілеті мен спорттық белсенділігін қатар дамытуға бағытталған жаңа қалалық жобалар бастау алады. Бағдарлама мыңдаған жасты қамтуды көздейді, — деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Алматы қаласында жастарға арналған жаңа бастамалар легі іске қосылмақ. Бұл жобалар спорт пен шығармашылықты қатар дамытуға бағытталып, жас буынның жан-жақты қалыптасуына мүмкіндік беруді көздейді.

Бағдарлама аясында студенттермен бірге NEET санатындағы жастар да қамтылып, олардың әлеуетін ашуға ерекше назар аударылады. Жалпы алғанда, бастамаларға ондаған мың жас қатысады деп жоспарланып отыр.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қалалық жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек бұл жобалардың маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, жастарды қолдау – қала дамуының негізгі бағыттарының бірі.

- Біз жастардың шығармашылықпен айналысуына, спортқа қызығушылығын арттыруға және қоғамдық өмірге белсенді қатысуына жағдай жасауға басымдық береміз. Олардың зияткерлік әрі рухани дамуы да назардан тыс қалмайды, – деді ол.

Мамандардың пікірінше, мұндай кешенді бастамалар жастардың белсенділігін арттырып қана қоймай, оларды қолдаудың тұрақты жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бүгінде Алматыда 14 пен 35 жас аралығында 700 мыңнан астам жас тұрады. Бұл – қала халқының шамамен үштен бірі. Олардың едәуір бөлігі еңбек етіп жүрсе, тағы бір бөлігі жоғары оқу орындары мен колледждерде білім алуда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл