Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда армян нөмірімен жүрген автокөліктерді есепке ала бастады
Жаңалықтар

Алматыда армян нөмірімен жүрген автокөліктерді есепке ала бастады

01.06.2020
1 мин
0
1183

Алматыда армян нөмірімен жүрген автокөліктерді есепке ала бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Әкімшілік полиция басқармасының басшысы полковник Жандос Мұраталиев мәлімдеді.

Жандос Мұраталиевтің мәлімдеуінше, нөмірі сары көліктің қазақстандық иесі оны басқа адамға рәсімдей алмайды.

«Бірақ республикамыздың басқа азаматтары сенімхат немесе сақтандыру бойынша аталған көлік құралын басқаруға құқылы. Алайда ешкім сата алмайды. Бірақ сатып алушы табылып, тіркелген армян көлігін сатқысы келсе:

­– арнайы ХҚКО-ға қайта келіп, армян нөмірі мен техникалық төлқұжатын алады;
– Армения Республикасына барады және онда автокөлікті есептен шығарады;
– Қазақстанға қайта көлікті алып келеді, барлық баж салығын, пайдаға асыру алымдарын төлейді.
Содан кейін ғана бұл көлікті басқа адамға рәсімдеуге болады», – деді Мұратәлиев.

Еске сала кетейік, қазақстандықтар 2020 жылдың 1 ақпанына дейін Армениядан әкелінген автокөліктерін есепке қоюы керек.

Ол үшін үш төлем жасалады: тіркеу үшін – 695 теңге, техникалық төлқұжат үшін баж – 3 мың 473 теңге және мемлекеттік нөмір үшін баж – 7 мың 778 теңге. Төлемнің жалпы сомасы – 11 мың 946 теңге.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл