Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда 17 мен 19 шілде аралығында түнгі уақытта Майлин көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 шілде күні сағат 23:00-ден 18 шілде сағат 11:00-ге дейін әуежайдан Бұқтырма көшесіне қарай жүретін жол учаскесі жабылады. Қарсы бағытта кері қозғалыс ұйымдастырылады.
Сол сияқты, 18 шілде сағат 23:00-ден 19 шілде сағат 6:00-ге дейін Бұқтырма көшесінен әуежайға қарай жүретін жол да жабық болады. Бұл уақытта да қарсы бағытта кері қозғалыс қарастырылады.
- Жөндеу жүргізілетін аумақта екі бағыттағы қозғалысқа ескерту белгілері орнатылады. Жолақтар конустық шағылыстыратын чиптермен белгіленеді. Жүргізушілерден бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, – деп мәлімдеді қалалық әкімдік.
Айта кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктерінің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен “Яндекс карталар” сервистерінде жарияланған.