Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматының кейбір аумағында үш қабаттан асатын ғимараттар салынбайды. Бұл талап 10 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін аудандарға қойылып отыр, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ал бұған дейін биік ғимараттар салуға рұқсат алған компаниялар әрі қарай құрылысты жалғастыра береді. Әкімдік тарапы олардың санаулы екенін айтып отыр. Биыл бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлаудың жаңа жобасында үйлердің арақашықтығы да өзгерген. Енді 5 қабатқа дейін үй салатын компания олардың арасын 20 метрден кем қылмауы керек. Ал 12 қабатқа дейін нысан тұрғызуды көздеген мердігерлер екі үйдің арасын 30 метр алшақ салуы қажет, деп жазады qazaqstan.tv.
«Алматының аумақтарында әр жерінде әртүрлі қабатты үйлер, ғимараттар салынуы керек. Мысалы, Әл-Фараби даңғылынан жоғарыға қарай тау жаққа қарай келетін болсақ, ол жақта 3 қабаттан биік болмауы керек. Ал әл-Фараби мен Абай даңғылының арасы 9 қабаттан биік болмауы керек. Ал тарихи орталықта қалыптасқан биіктік 5 қабат. Сол жерде де 5-6 ғимараттан биік болмауы керек. Ал енді Райымбек даңғылының төменгі жағында көбіне 10 балдық аймақ, ол жерде топырақ осал және жер асты су биік орналасқан. Сондықтан, көбінесе сол 6 қабаттан биік болмауы керек», - деді «Алматыбасжоспар» ҒЗИ ЖШС бөлім басшысы Жанат Айтілеу.