Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда экологиялық бақылау күшейді: ауа сапасы едәуір жақсаруда
Жаңалықтар

Алматыда экологиялық бақылау күшейді: ауа сапасы едәуір жақсаруда

09.12.2025
мин
0
204

Алматыда экологиялық бақылау күшейді: ауа сапасы едәуір жақсаруда, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Синоптиктер бір апта бұрын желтоқсанның басында күн райы күрт құбылып, жаңбыр жауып, қар ұшқындап, жел соғатынын айтқан. Қаланы тұмшалап тұрған түтін мен шаңнан арылуға сеп болды сол.   

Ауа сапасын бақылайтын халықаралық ұйым IQAir деректеріне қарағанда, қаланың ластану көрсеткіші де едәуір жақсарған.

Естеріңізге салсақ, соңғы айларда Алматыдағы ауаның сапасы нашарлап,  қаламыз антирейтингтерден түспей келген еді. Бірақ табиғаттың алай-дүлей мінезі мен селдіреп жауған аз ғана жауынның өзі қаланың аспанын қайта ашып, қала тұрғындары да еркін тыныстап, рахаттанып қалды. 
 
Айта кетейік, 1 желтоқсаннан бастап Алматының жергілікті атқарушы органдары ауаны ластауды азайтып, автопаркті жаңарту мақсатында жаңа экологиялық ережелер енгізді. Атмосфераны қорғау ережелерін әзірлей бастады, ол құжат қазір келісіліп жатыр.

Сонымен қатар желтоқсанның алғашқы күндерінде Алматыда қатты отын пайдаланатын кәуапханаларға бақылау да күшейді. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер көпшілік тамақтанатын орындарға жоспардан тыс 12 тексеріс жүргізіп, 10 заң бұзушылықты анықтаған.

Қалада сондай-ақ «Eco Almaty» ЖШС-нің жылжымалы зертханалары жұмыс істеп, зиянды қалдықтардың деңгейін тіркеп, тексеріп жүр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл