| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтарға пәтерақының бір бөлігін өтеу және баспана сатып алу үшін бастапқы жарна беру қарастырылған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды қолдау мақсатында бірқатар мемлекеттік тетіктер іске асырылып жатыр. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің брифингте хабарлауынша, тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтардың пәтерақысының бір бөлігін мемлекет субсидиялайды.
Министрлік мәліметінше, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 7,5 млрд теңге бөлініп, 11 мыңнан астам азаматқа жалдау ақысы бойынша субсидия төленген. Сонымен қатар баспана сатып алуға ниетті өзге азаматтарға бастапқы жарна ретінде 2 млрд теңге бағытталған.
Биыл аталған қолдау шараларын жалғастыру үшін 4,3 млрд теңге қарастырылып отыр. Мамандар бұл көмектер азаматтардың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.