| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
БҚО-да сталкинг деректері бойынша екі қылмыстық іс аяқталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Батыс Қазақстан облысында сталкинг фактілері бойынша екі ер адам сотталды. Қылмыстық істер Бөрлі және Бөкей ордасы аудандарында тіркелген.
Бөрлі ауданында ер адам жәбірленуші әйелді қудалап, оның үйі мен жұмыс орнының маңына бірнеше рет барған. Сонымен қатар физикалық күш қолдануға әрекет жасағаны анықталды. Тергеу нәтижесінде іс сотқа жолданып, сотталушы өз кінәсін мойындады. Сот оған үш ай мерзімге мінез-құлқына қатысты ерекше талаптар белгіледі.
Ал Бөкей ордасы ауданында ер адам бұрынғы жұбайын жүйелі түрде мазалап, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы қорқыту сипатындағы хабарламалар жолдаған. Бұл әрекеттер жәбірленушіге елеулі психологиялық зиян келтірген. Сот шешімімен ол кінәлі деп танылып, 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.