Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда фельдшер науқастың 1,5 млн теңге тұратын алқасын ұрлап алған. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жедел-жәрдем фельдшері науқастың қымбат алқасын қолды қылған. Болған оқиға туралы журналист Гүлмира Әбіқай өзінің әлеуметтік парақшасына жариялады.
- Өзі ессіз құлап, жедел жәрдем көмегіне жүгінген науқастың алтын алқасын фельдшер шешіп алған. Мұны кейін байқаған баласы полицияға арыз жазып, бейнекамераны көрсетуді талап етіп, ақыры ұры анықталады. Жедел жәрдем ішінде құны 1,5 миллион теңге тұратын алқаны сыпырып жатқанын көріп тұрсыздар. Айтпақшы, фельдшер алтын шынжырды ломбардқа өткізіп үлгеріпті. Науқас аман-есен аяқтан тұрды, ал фельдшер жұмыстан босатылған. Жай ғана босатпай емдеу мекемелеріне, науқасқа ешқашан жақындамайтындай қара мөр басу керек еді, - делінген жазбада.
Бұл дерекке қатысты полиция пікір білдірді.
- Түрксіб ауданының полиция басқармасы бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, содан кейін өндіріс материалдары сотқа жіберіледі, - деді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.