| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда полиция ірі көлемдегі есірткі сату арнасының жолын кесті, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алматы қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері каннабис тобына жататын есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде тасымалдаумен, сақтаумен және өткізумен айналысқан топты ұстады.
Тінту барысында шамамен 3 келі гашиш және 2,5 келіден астам кептірілген марихуана тәркіленді. Ұсталған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
– Аталған операция полиция бөлімшелерінің үйлесімді және нәтижелі жұмысының айқын көрінісі. Біз заңсыз есірткі айналымын анықтау және оның жолын кесу бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастырамыз. Бұл – қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды міндеті, – деді Алматы қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Қылмыстық әрекеттің барлық мән-жайы мен ықтимал сыбайластары анықталып жатыр.