| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда қазан айынан бастап ауызсу мен канализация қызметтерінің бағасы өседі. «Алматы су» мекемесі бекіткен жаңа тариф кестесіне сәйкес, судың да, су бұрудың да құны қайта қаралды. Төлем мөлшері есептегіш құралдың бар-жоғына және тұтынушының санатына байланысты есептеледі, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жаңа тариф бойынша тұрғындар үшін 1 текше метр судың бағасы 178,06 теңге, ал су бұру (канализация) қызметі 119,46 теңге болып белгіленді.
Есептегіші жоқ тұрғындар қанша төлейді?
Пәтеріне немесе үйіне су есептегіш құралын орнатпаған азаматтар үшін ақы тіркелген әр адамға айына 15 текше метрлік норма бойынша есептеледі. Осылайша, есептегішсіз тұратындар ай сайын әр адам үшін мынадай сома төлейді:
Тұрмыстық су: 2 670,90 теңге;
Су бұру қызметі: 1 791,85 теңге;
Ыстық суды бұру: 376,29 теңге.
Ал көшедегі ортақ колонкадан су алатын тұрғындар үшін айлық төлем әр адамға 133,55 теңгені құрайды.
Жеңілдетілген шарттар мен бау-бақша суару ақысы
Тозығы жеткен, апатты жағдайдағы үйлер мен техникалық себептерге байланысты есептегіш орнату мүмкін емес жатақхана тұрғындары үшін арнайы тариф қарастырылған. Олар айына бір адамға:
Су үшін: 956,19 теңге;
Су бұру үшін: 641,48 теңге төлейді.
Сонымен қатар маусымдық суару кезеңінде (15 сәуір мен 15 қазан аралығында) жер телімі бар тұрғындар үшін 1 сотық жерді суарудың айлық құны 1 780,60 теңге болып белгіленді.
Бизнес пен мемлекеттік мекемелерге арналған тарифтер
Коммерциялық және мемлекеттік сектор үшін су бағасы жоғарырақ:
Жеке заңды тұлғаларға: судың 1 текше метрі — 362,18 теңге, су бұру — 264,75 теңге;
Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға: судың 1 текше метрі — 649,60 теңге, су бұру — 189,14 теңге.
(Ескерту: Мәтінде көрсетілген барлық бағалар қосылған құн салығын (ҚҚС) есепке алғанда берілген).
Айта кетейік, қыркүйек айының ортасынан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысында электр энергиясының бағасы да қымбаттаған болатын. Енді тұрғындар су қызметтеріне де жаңа тариф бойынша төлейтін болады.