Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті электрондық тұтыну жүйелері – вейптер, дәмқосқыштар мен оларға арналған сұйықтықтардың заңсыз айналымына қарсы жедел шара жүргізді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Тергеу мәліметтері бойынша, тыйым салынған өнімдер Telegram мессенджеріндегі “ESCOBAR OPTOM” атауымен сатылған, ал жеткізу қызметі курьерлер арқылы ұйымдастырылған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында бірнеше қойма мен сату нүктелері анықталып, тінту кезінде 150 мыңнан астам вейп тәркіленді. Сарапшылардың болжамынша, бұл өнімдердің заңсыз сатылымынан түсуі мүмкін табыс 1 миллиард теңгеден асуы мүмкін еді.
Ерекше алаңдаушылық тудыратыны – бұл өнімдердің кәмелетке толмағандар, соның ішінде мектеп оқушылары арасында кең таралғаны. Тергеу деректеріне сүйенсек, көлеңкелі бизнесті ұйымдастырушылар электрондық сигареттерді әдейі жасөспірімдерге жеткізуді көздеген, бұл олардың денсаулығына елеулі қауіп төндірген.
Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу жалғасуда.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.