487.02
552.23
6.51
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда жалған дәрі өндірген төрт фармацевтикалық компанияның қызметі тоқтатылды
Жаңалықтар

Алматыда жалған дәрі өндірген төрт фармацевтикалық компанияның қызметі тоқтатылды

24.06.2026
мин
0
123

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында көршілес мемлекеттерден дәрілік препараттарды, оның ішінде күшті әсер ететін медикаменттерді контрабандалық жолмен әкеліп, кейін оларды еліміздің дәріханалар желісі арқылы өткізумен айналысқан төрт фармацевтикалық компанияның заңсыз қызметін тоқтатты, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

Тергеу барысында күдіктілердің дәрілік заттарды, соның ішінде құрамында психотроптық заттары бар препараттарды қолдан жасалған тәсілмен заңсыз өндіргені анықталды.

Бірнеше қойма мен жасырын өндірістік цех табылды. Контрафактілік өнімдер антисанитариялық жағдайда дайындалғандықтан, азаматтардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген. Мұндай препараттарды қолдану адам денсаулығына қайтымсыз зардаптарға әкелуі мүмкін.

Жедел іс-шаралар аясында аталған заңсыз қызметті ұйымдастырушыларға ақшалай сыйақы үшін қолдау көрсеткен лауазымды тұлғалар анықталып, ұсталды. Олардың әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы бойынша сараланды. Тауар айналымы мен қаржылық ағындарға жүргізілген талдау көлеңкелі схемалардың, контрабандалық және контрафактілік қызметтің болғанын растады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, өткен жылы мемлекетке 800 миллион теңгеден астам сома көлемінде салықтар мен өзге де міндетті төлемдер төленбеген. Бірлескен арнайы операция барысында заңсыз айналымнан ірі көлемдегі ақша, ондаған мың қаптама жалған дәрілік препараттар, оның ішінде айналымы шектелген дәрілер, сондай-ақ оларды өндіруге арналған жабдықтар мен шикізат тәркіленді.

Бұл жалған медициналық өнімдердің едәуір көлемінің заңды айналымға түсуіне жол бермеуге мүмкіндік берді. Қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар мен олардың сыбайластары уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Заңсыз қызметке қатысы бар барлық тұлға, сондай-ақ дәрілік заттарды жеткізу арналарының, оның ішінде шетелден жеткізу жолдарының барлығын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл