Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қаласындағы 36 емханада пайдаланылмаған, мерзімі өтіп кеткен немесе жартылай қолданылған дәрі-дәрмектерді қабылдайтын арнайы контейнерлер орнатылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Дәрілік заттар — қауіпті қалдықтарға жатады. Оларды дұрыс жоймау қоршаған ортаға және адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Құрамындағы белсенді заттар топырақ пен суға өтіп, экожүйе мен адамдарға қауіп төндіреді.
Қандай дәрілерді тапсыруға болады?
Контейнерлерге таблетка, капсула, май, крем, гель, ампула, бөтелке, сироп пен ерітінді түріндегі дәрілерді салуға рұқсат етілген.
- Препараттарды өткізер алдында тығыз пакетке орап, мықтап байлау қажет. Құрамында қан бар шприцтер, инелер және басқа да медициналық қалдықтар қабылданбайды — оларды арнайы мекемелерде бөлек түрде жояды, — делінген ресми хабарламада.
Қабылдайтын емханалардың толық тізімі EcoNetwork сайтында жарияланған.
Айта кетейік, бұған дейін Асхат Аймағамбетов еліміздің дәрі-дәрмек импортына тәуелділігі артып бара жатқанын атап өткен болатын.