Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда жүздеген адам жұмыспен қамту орталығына барды. Мамандармен кездесу үшін бірнеше сағат кезекте тұру керек, деп хабарлайды "31 арна".
Алматылықтардың айтуынша, карантин салдарынан олар жұмыс істеп жатқан мекемелер жабылған.
«Төтенше жағдай кезінде екі ай 42 500 теңге алдым. Бірақ қазір оны да бермейді. Жұмыс жоқ. Пәтер жалдап тұрамыз, күйеуімнің тапқаны жетпейді. Ішке кіре алмай отырмын», - деді бұрын қонақ үйде жұмыс жасаған Панида Асанова.
Жұмыспен қамту орталығы карантинге дейін күніне 100 адамнан қабылдаған, қазір 400 адамнан асады. Көбіне 50 жастан жоғары адамдар жұмыс іздеп жүр.
«Қазір тұрақты жұмысқа вакансия аз болғандықтан, жұмыссыздық артып келеді. Адамдарды уақытша жұмыс орындарына жіберуге тырысамыз», – деді Алматыдағы Жұмыспен қамту орталығының басшысы Диляра Иманқұлова.
Қазір Алматыда көбіне құрылыс, қызмет көрсету және денсаулық сақтау саласының мамандары керек.
Қазақстан бойынша жұмыссыздар тізімінде 181 мың адам тұр.