| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қаласының Бостандық ауданында аялдамада зейнеткер әйелді ұрып-соққан күдікті полиция тарапынан жедел түрде ұсталып, қамауға алынды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Әлеуметтік желілерде Алматыдағы Бостандық ауданында орналасқан аялдамалардың бірінде болған оқиға қызу талқыланды. Белгісіз жас жігіттің 66 жастағы әйелге шабуыл жасап, оған күш қолданғаны туралы ақпарат тараған.
Аталған дерекке байланысты аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғап, жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Тергеу барысында күдіктінің жеке басы анықталып, ол құқық қорғау органдары тарапынан ұсталды.
Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.