Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алып қашу дәстүр емес, қылмыс - депутат
Жаңалықтар

Алып қашу дәстүр емес, қылмыс - депутат

17.09.2025
1 мин
0
86
Сурет: ашық дереккөз

16 қыркүйектен бастап елімізде мәжбүрлі некеге итермелеу және сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған заң күшіне енді. Енді бұдан былай азаматтардың жеке шекарасын бұзғандар заң алдында жазаланады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Осыған байланысты біз Мәжіліс отырысында депутат Елнұр Бейсенбаевтың пікірін білдік.

Депутаттың айтуынша, соңғы жылдары қазақтың дәстүрі саналатын "алып қашу" ұғымы бұрмаланып, қылмыстық сипатқа ие болған.

- Қазақтың дәстүрі дейміз ғой – алып қашу. Бірақ соңғы уақытта ол жабайы форматта қолданылып кетті. Танымайтын, сөз салмаған, ата-анасымен таныспаған, сыртынан көріп ғашық болып алып қашу – бұл қылмыс. Ал заңды жолдары бар: ұзатып алу, сөз салу. Әлеуметтік желілерде де қарым-қатынас орнатудың түрлі мүмкіндіктері бар. Сондықтан жастарды сондай мәдени жолға шақырамын, – деді депутат.

Сондай-ақ Елнұр Бейсенбаев сталкинг мәселесіне де тоқталды.

- Сталкинг – Еуропада көбірек дамыған терминдердің бірі. Жұмыс барысында әлімжеттік жасау немесе әріптестеріне қол сұғу, оның жеке шекарасына өту. Мұндай әрекеттерге қылмыстық іс қозғалады. Міндетті түрде жауап бересіз. Әрбір азаматтың жеке шекарасы сақталуы керек деп есептеймін. Маңызды норма!, – деді ол.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл