Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облысына гуманитарлық көмек жіберді
Жаңалықтар

«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облысына гуманитарлық көмек жіберді

16.04.2024
1 мин
0
211

Еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланды. Көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат орын алды. Олқылықтардың орнын толтыру  үшін Мемлекет басшысы тиісті тапсырмалар берді. Қажетті шаралар қабылданып жатыр. Жағдайды қалыпқа келтіру үшін атқарушы органдар да, Үкімет те, халық та атсалысып жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты халыққа үндеуінде осындай қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды екенін атап өтті.

«AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалынан Батыс Қазақстан облысына кезекті гуманитарлық көмек жөнелтілді. Бастауыш партия ұйымдары, партия мүшелерінің қолдауымен жиналған 20 тоннадан астам гуманитарлық көмек 16 сәуір күні жолға шықты.

Жүк көлігіне тұрмыстық және гигиеналық заттар, моторлы қайық, қап, күрек, су, етік және тағы басқа қажет заттар тиелді. 

«Табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға «AMANAT» партиясының әр облыстағы филиалы өзінің шама шарқынша көмектесіп жатыр. Мәжіліс депуттары, партияның белді азаматтары, «Жастар рухы» жастар қанатының қыз-жігіттері ел арасында жүр. Әрқайсысы өз деңгейінде тиісті шараларды қабылдап, азаматтардың иығына түскен ауырпалықты қатар еңсеріп келеді», - дейді «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек.

Бұған дейін партияның елордалық филиалы қала әкімдігімен, мәслихат депутаттарымен, Бастауыш партия ұйымдарымен, шағын, орта және ірі кәсіп өкілдерімен бірлесіп Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарына 100 тоннадан астам гуманитарлық көмек жібергенін естеріңізге сала кетейік.

Бір ел, бір халық болып жұмылып, бұл апатты еңсереміз!

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл