Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Маңғыстау облысында Каспий теңізінен өлі итбалықтар табылды, деп хабарлайды dauletten.kz, ҚР Ауыл шаруашылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 сәуірде Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Каспий теңізінің жағалауын мониторингтеу барысында Түпқараған ауданында 12 өлі итбалық ұшасын тапты.
Инспекция мен жергілікті атқарушы органдардың, Гидробиология және экология институтының өкілдерінен тұратын жұмыс тобы итбалықтар анықталған орнынға шықты.
«Өлі итбалықтардың табылған өліктері шіріген күйде болды, бұл олардың өлімі қыс мезгілінде шамамен бір уақытта болған және осы уақыт ішінде өліктер суда болған деп болжауға негіз береді. Олар 23 сәуірде басталып бүгінгі күнге дейін батыстан соғып тұрған дауылдың салдарынан жағаға шығып қалған.
Бұл ретте, Гидробиология және экология институтының қызметкерлері сынамаларды алуға болатын бірнеше данадан тиісті зертханалық зерттеулер жүргізу үшін ішкі ағзалардың тіндерін, сондай-ақ азу тістерін ішінара іріктеп алды», - делінген хабарламада.
23-24 сәуір аралығында инспекция Гидробиология және экология институтының қызметкерлерімен бірлесіп, Каспий теңізінің жағалауын мониторинг жүргізу кезінде 67 итбалық өлексесі табылды, олар да шіріген күйде болды.
2024 жылдың 29 наурызы мен 25 сәуірі аралығында барлығы 182 итбалық өлексесі табылды.