Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шығыста өрт сөндірушілер, мамандар өртпен арпалысып жатыр. Өртті сөндіруге жел кедергі келтіріп тұр. Бұл туралы Qazaqstan телеарнасы мәлімдеді, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтаевтың пікірінше, орман өртін сөндіруі тиіс мамандар дайын болмады. Тіпті желдің бағытын да білмеген. Салдарынан 14 адам қаза тапты. Сондықтан экологиядан бастап төтенше жағдайлар саласының қызметіне толықтай реформа қажет.
«Ең алғашқы өрт басталған алғашқы минуттардан бастап бір жарым сағаттың ішінде сол өрт болған жерге жалғыз ғана трактор барған. Шынжыр табанды техника, не деген сұмдық?.. Мен осы өрттен қаза тапқандардың отбасына, бала-шағасына, әкесінен айырылған балаларға қабырғам қайысып көңіл айтамын», – дейді Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтаев.
Айта кетейік, бүгін Абай облысындағы өрттің түтіні Жетісу облысына жетті. Мамандар түтінге тұншықпас үшін тұрғындарға бетперде тағуды сұрайды.
Фото: ғаламтордан