| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мәжілісте дәрігерлер мен жедел жәрдем қызметкерлерін қорғауға бағытталған жаңа заң жобалары талқыланды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Депутат Асхат Аймағамбетов бұл бастаманың маңыздылығын атап өтті.
- Бірі соққыға жығылды, бірі қорлық көрді. Мұндай жағдайларға жол беруге болмайды, — деді ол.
Заң жобасы медициналық қызметкерлерге, соның ішінде жедел жәрдем бригадаларына қатысты зорлық, қорлау және басқа құқықбұзушылықтарға қатаң жауапкершілік енгізуді көздейді. Егер заң күшіне енсе, дәрігерлердің жұмыс орны мен қауіпсіздігі қатаң қорғалатын болады.
Комитет бұл құжатты жұмысқа қабылдап, тиісті қорытынды әзірлеуге дайын екенін айтып, депутаттардың қолдауларын сұрады.