Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақмола облысында Сергеев ауылдық округінің әкімі бөгеттің бұзылуына және бірнеше үйдің су астында қалуына себеп болған қызметіне немқұрайлы қарағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz Ақмола облыстық сотына сілтеме жасап.
Атбасар аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 371-бабы 2-бөлігі (Салғырттық) бойынша, өз қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындамаған Сергеев ауылдық округінің әкімі К.-ға қатысты іс қаралды. Тергеу барысында әкімнің абайсыз әрекеттері бөгеттің жарылуына алып келіп, Самарка ауылындағы 19 үй мен аумақты су басқаны анықталды.
Су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге жергілікті бюджет есебінен 8 миллион теңге көлемінде өтемақы төленген. Бұл мемлекетке айтарлықтай материалдық шығын келтірген.
Соттың мәліметінше, К. – Самарка ауылындағы гидротехникалық құрылыстың (дамбаның) жағдайына жауапты тұлға бола тұра, Есіл бассейндік инспекциясы мен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның су өткізу мақсатында бөгетті транзиттік режимге көшіру туралы нұсқауларына қарамастан, тиісті шаралар қабылдамаған. Су деңгейінің көтерілуі мен қысымның артуы салдарынан ағын пайда болып, ауыл аумағын су басты.
Жаза тағайындау кезінде сот К.-ның кәмелетке толмаған балалары барын және қылмысты алғаш рет абайсызда жасағанын жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді.
Сот үкіміне сәйкес, К.-ға мемлекеттік қызметте лауазымды қызметтерді атқаруға тыйым салынып, 1 жыл 6 ай мерзімге пробациялық бақылаумен бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Азаматтық талап қою мәселесі азаматтық іс жүргізу тәртібімен қаралатын болды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.